«Challenge Men qazaqsha sóileimіn» Күршім ауданы жастарынан бастау алды.

08.11.2018

Күршім ауданында Қазақстандағы Жастар жылы қарсаңында «Ұлт келбеті - жалынды жастар» атты облыстық жастар форумы өтті.

Форум жұмысына қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен қызметкерлері, өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері, аудандағы жастар ісі жөніндегі мамандар, ауыл жастары қатысты.

Іс-шара барысында «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы арқылы грант иеленген жастар жобаларын іске асыру барысымен таныстырды. Сонымен қатар, «Ұрпақтар сабақтастығы және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, жергілікті жерде волонтерлік қызметті дамыту бойынша семинар-тренинг өткізіліп, облыста Жастар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

Форумның салтанатты рәсіміне аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы Қажанов қатысып, ауданның белсенді жастарын марапаттады.

Өз сөзінде Д. Кажанов ауылдың болашағы - жастар екендігін атап өтіп, жас мамандарды ауылдық жерде қызмет етуге шақырды.

Іс-шара соныңда аудан жастары әлеуметтік желілерде «Challenge Men qazaqsha sóileimіn» интернет-эстафетасын бастап, Өскемен қаласының жастарына жолдады. Негізгі шарт елімізге белгілі ақындардың өлеңін жатқа оқып, видеосын әлеуметтік желілерге орналастыру. Бұл акция жыл соңына дейін жалғасып, облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы жастарды қамтитын болады. 

Похожее

Урок экологии
Урок экологии

03.05.2024 19:38

Специалисты Бакырчикского горнодобывающего...

Аппетитный поединок
Аппетитный поединок

02.05.2024 16:44

В Жарминском районе в честь 1 Мая состоялся...

Аппарат особенной важности
Аппарат особенной важности

30.04.2024 15:48

Во врачебной амбулатории села Шалабай Жарминского...

Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей
Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей

30.04.2024 15:40

Парк пополнится пожарными автоцистернами и...