Электрондық сот өндірісі қолданыста

17.03.2019

«Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын электронды қылмыстық іс құқық қорғау тәжірибесінде орныққан. Тек қана электронды нысанда 117 қылмыстық іс тергелген.

Аталған істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің сапасы туралы облыс прокуратурасында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен алқа отырысында айтылған.

2018 жылдың қаңтарынан бастап, полиция органы мен экономикалық тергеу қызметі қылықтар мен онша ауыр емес құқық бұзушылықтар бойынша істерді электронды нысанда жүргізгенін атап өту қажет. Қазіргі кезде ауырлығы орташа қылмыстық істер де қаралады.

Е-істің артықшылығы  - жеделдік пен ашықтық, уақытты, адамдар ресурсы мен бюджеттік қаражатты үнемдейді, ең бастысы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қатаң сақтайды.

Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу сот өндірісін тіркеуден бастап үкім шығаруға дейін цифрлеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, бұрын, қағаз нысанында тергеу кезінде соттың санкциясын алу үшін бір күн кететін, ал, қазір, кабинеттен шықпай-ақ тергеуші өтінішхатты электронды түрде жіберіп, бірнеше сағаттан соң дайын қаулыны алады.

Соттар ұсталғандарды конвойсыз онлайн-тәртіпте күдікті тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселелерін қарастырады. Бұл қаржылық шығындарды, процестік мерзімдерді қысқартауға мүмкіндік береді. ұсталғандардың қашу тәуекелін азайтады.

Осы жолы органдар барлық орташа және онша ауыр емес құқық бұзушылықтарды электронды нысанда жүргізуге бағытталды, бұл, қылмыстардың жалпы тіркелуінің 80%  құрайды. Болашақта қағаз жүзіндегі сотқа дейінгі өндірісті электронды өндіріске толығымен ауыстыру көзделген. 

Тергеу мен қадағалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету, кемшіліктерді азайту, сондай-ақ, өту рұқсатын арттыру және техникалық жабдықтау мәселесін шешу. Алқа мәжілісінің нәтижелері бойынша тапсырмалар алқа қатысушыларына берілді.

Похожее

Аппетитный поединок
Аппетитный поединок

02.05.2024 16:44

В Жарминском районе в честь 1 Мая состоялся...

Аппарат особенной важности
Аппарат особенной важности

30.04.2024 15:48

Во врачебной амбулатории села Шалабай Жарминского...

Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей
Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей

30.04.2024 15:40

Парк пополнится пожарными автоцистернами и...

Как районный аким с чиновницей и блогером судился
Как районный аким с чиновницей и блогером судился

25.04.2024 17:25

Он требовал опровергнуть озвученные о нём данные и...

Суд над сотрудниками «Бипэк Авто – Азия Авто»: без права на видеосъёмку
Суд над сотрудниками «Бипэк Авто – Азия Авто»: без права на видеосъёмку

25.04.2024 16:58

Судя по обвинительному заключению, преступный...