«Халық заңгері» науқанын өткізуге Қазақстанның барлық ірі қалалары дайындық үстінде.

19.11.2019

22 қараша сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан басталатынын хабарлаймыз.

 

Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады.

 

Науқанды ұйымдастырушылар - zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі.Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.

 

Осы жылдар ішінде «Халық заңгері»науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.

 

Өскеменде науқан осы мекен-жай бойынша өткізіледі: Қазақстан к. 55. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимараты (5-ші корпус)

 

Семейде науқан осы мекен-жай бойынша өткізіледі: Абай к. 94. Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің ғимараты (заң факультеті)

 

Аягөзде науқан осы мекен-жай бойынша өткізіледі: Абай бульвары 12. «Қозы көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

 

Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі жағынан «Халық заңгері» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.

Похожее