ШҚО мен Өзбекстан туризм саласын бірлесе дамытпақ

02.08.2018

ШҚО мен Өзбекстан туризм саласын бірлесе дамытуды көздеп отыр. Бастама бауырлас елдердің тұрғындарына мол мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, қасиетті орындарын көрсетуді көздейді. Бұл туралы ҚР Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Нияходжаев облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевпен кездесу кезінде тілге тиек етті. Тараптар сондай-ақ, екіжақты әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, ШҚО мен Өзбекстанның экономикалық қарым-қатынасы жоғары деңгейде өрбіп

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев Саидикрам Ниязходжаевты Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қысқаша таныстырды. Бүгінде Шығыс елдегі өнеркәсіптік-индустриялық сала қарыштаған облыс. Экономиканың базалық саласы түсті металлургия екенін ескерсек, өңірде тау-кен өндірісі, металл өңдеу өнеркәсібі және гидроэнергетика қарқынды дамуда. Аграрлық секторда және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларының да мүмкіндігі артып келеді.

- ШҚО еліміздің ірі агроөнеркәсіптік аймағы. Біз өзбек әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестік құруға дайынбыз. Аймақта Өзбекстанмен бірлескен 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кездесу екі елдің арасында ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенімім зор, - деді Ерлан Қапарұлы.

Өз кезегінде Өзбекстан елшісі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы екі жақты қарым - қатынасты ары қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстанмен бауырластық қарым - қатынасты сақтау біз үшін өте маңызды. Сапар барысында аймақтың тынысымен және агроөнеркәсіп кешенінің даму барысымен танысуды көздеп отырмын. Сондай-ақ, туризмді дамыту мәселесі де қызықтырады. Шығыс Қазақстан облысында тамаша табиғат, бірегей тарихи орындар бар. Өзбекстанда да тарихи ескерткіштер, киелі орындар бар. Олар сөзсіз, біздің халықтарымызды жақындастырады, сондықтан бірлескен сапарлар ұйымдастыру жоспары бар, - деді Саидикрам Ниязходжаев.

Айта кетейік, өткен жылы ШҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2 млрд. долларды құрады. 2018 жылдың 6 айындағы көрсеткіш - 1 млрд. 4 млн. доллар. Биыл бұл санды 3 млрд. долларға дейін арттыру жоспары тұр.

Похожее

Урок экологии
Урок экологии

03.05.2024 19:38

Специалисты Бакырчикского горнодобывающего...

Аппетитный поединок
Аппетитный поединок

02.05.2024 16:44

В Жарминском районе в честь 1 Мая состоялся...

Аппарат особенной важности
Аппарат особенной важности

30.04.2024 15:48

Во врачебной амбулатории села Шалабай Жарминского...

Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей
Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей

30.04.2024 15:40

Парк пополнится пожарными автоцистернами и...