Семейде 170 автобус құрастырылып шығарылады

05.04.2019

Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Семей қаласында 170 автобус құрастырылмақ. Бұл туралы "Dаewoo bus Kazakhstan" көлік құрастыру зауыты директорының орынбасары Марат Мәкішев мәлімдеді.

- Біз Атырау қаласына арналған автобустарды жинауды аяқтадық, - деді М. Мәкішев. – Енді қалаға арналған автобустар құрастырылады. Келісім-шарт бойынша 110 "Daewoo" және 60 "Dong Feng"маркалы автобустарын құрастыратын боламыз .

М. Мәкішевтің айтуынша, 170 автобустың 30-ы үлкен класты, 80 орта және 60 шағын класты. Қазақстандық қамту 40-45 пайызды құрайды. Автобус шанағы көлік құрастыру зауытының өзінде дайындалмақ . "Daewoo" автобустарын жинауда 111 адам жұмыс істеп, автобустарға 24 ай мерзімінде кепілдік беріледі . Жоспар бойынша құрастыру жұмыстары алдағы айларда аяқталады.

Естеріңізге салсақ, жақында қала әкімі Ермак Сәлімов қоғамдық көлік жұмысын тексерді. 4 және 5 маршруттарда рейд жүргізген Е. Сәлімов , қала тұрғындарына алдағы уақытта барлық ескі автобустар жаңасына ауыстырылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамдық көлік жұмысын өз бақылауында ұстап, автобус парктерін жаңарту мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.

Похожее

Урок экологии
Урок экологии

03.05.2024 19:38

Специалисты Бакырчикского горнодобывающего...

Аппетитный поединок
Аппетитный поединок

02.05.2024 16:44

В Жарминском районе в честь 1 Мая состоялся...

Аппарат особенной важности
Аппарат особенной важности

30.04.2024 15:48

Во врачебной амбулатории села Шалабай Жарминского...

Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей
Пять миллиардов тенге потратят в ВКО на автомобили для спасателей

30.04.2024 15:40

Парк пополнится пожарными автоцистернами и...