Талдықорған қаласында Республикалық оқыту курсының бірінші курсы өтті Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қ

07.11.2018

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының ІІІ – кезеңі Талдықорған қаласында бастау алды.

Семинардың бірінші күні қатысушыларға «Қазақстандағы Христиан дінінің православтық бағытының негіздері, спецификасы мен қоғамдағы мәдени және тарихи рөлі» тақырыбында Ионна Богословский  шіркеуінің протоиерейі Матлашов Александр Александрович Христиан дінінің Қазақстандағы дәстүрлі бағытынан мағлұмат берсе, Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министірлігі Қоғамдық келісім комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының (ҒЗТО) маманы Александр Юрьевич Антипин «Қазақстандағы протестанттық бағыттағы және жаңа діни бағыттардың таралу тарихы. Қазақстандағы дін саласындағы актуалды проблемалар» тақырыбында дәстүрлі емес діни ұйымдардың заңсыз миссионерлік жұмыстары туралы мәнді де мағыналы ақпараттарды слайд, видео арқылы жеткізді. Семинардың алғашқы күні болсада қатысушылар риза болып, өздерінің ыстық ылтипатын көрсетті.


 

Похожее

«Транспорт личный или все-таки служебный?»
«Транспорт личный или все-таки служебный?»

14.11.2018 07:19

Согласно требованиям Этического кодекса...

Житель Семея вернул полтора миллиона тенге, забытые у него в машине
Житель Семея вернул полтора миллиона тенге, забытые у него в машине

14.11.2018 07:16

12 ноября на оперативный канал «102» обратился...