Ұлан ауданының спортшысы армрестлинг бойынша Әлем Чемпионатында «алтынға» қол жеткізді

07.09.2017

Шығыс Қазақстан облысы, Макеевка ауылының тумасы Деши Дурсаева Венгрия мемлекетінің астанасы Будапешт қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем Чемпионатында «алтын» алды, деп хабарлайды 16news.kz сайты ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Ұлан ауданы әкімдігінің қолдауымен Деши Дурсаева мен Ораз БасаровӘлем Чемпионатына қатысып, жеңістерімен қуантуда.

2017 жылдың Азия Чемпионы, 2017 жыл ҚР Чемпионатының «күміс» жүлде иегері,  спорт шеберіне үміткер Деши Дурсаева 1-ші орынға ие болды. Сол қолмен қол жығыстыру жарысында біздің спортшыға тең келер ешкім болмады.

Дәл осы жарыстарды Ұлан ауданының тумасы, екі дүркін Әлем Чемпионы, үш дүркін Азия Чемпионы, бес дүркін Қазақстан Чемпионы  Ораз Басаров 2-ші орынға тұрақтады. Ол халықаралық деңгейдегі спорт шебері болып табылады.

Еске сала кетейік, бүгінде Венгрия елінде армрестлинг бойынша үлкен халықаралық жарыс өтуде. Әлем Чемпионаты 2-ші қыркүйекте Будапешт қаласында басталып, қыркүйек айының 11 жұлдызына дейін жалғасын табады. 

Похожее