21.02.2017
Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» экспорттық жағрафиясын кеңейте түсті, деп хабарлайды 16news.kz
Бүгін, су жаңа автокөліктер «Қазақстанда жасалған. Сделано в Казахстане» теміржол вагондарына тиеліп, Күншығыс еліне кетті.120 LADA 4x4 жол талғамайтын автокөліктері ҚХР нарығында өз орнын таппақ.
Айта кету керек, бұл қазақстандық автоөндірістің табысты басталған алғашқы тәжірибесі.
«Міне, 100 автокөлікті Қытайға аттандырдық. Олар Күншығыс елінде өз иелерін де тауып та қойды. Бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта, теміржол жеткізілімдерін үздіксіз жасайтын боламыз», — деп атап өтті «АЗИЯ АВТО» Президенті Ерік Сағымбаев.
Әлбетте, алпауыт елдің авторетейл әлеуетімен таласу қайда, алайда, «АЗИЯ АВТО» экспорттық бағыттағы бұл стереотиптерді жеңіп шығуға бел буып отыр екен.
«Екінші жартыжылдықта 800 автокөлікті Қытайға экспорттауды көздеп отырмыз. 2017 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 3500-ге жетеді деген сенім бар», —- дейді Ерік Сағымбаев.
Фото: «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» баспасөз қызметі
Похожее
20.06.2018 10:50
В Астане на Форуме выпускников и участников...
14.05.2018 11:54
Всего на конкурс подано свыше 90 заявок, из них...
10.05.2018 15:59
Постановка на регистрационный учет в качестве...
08.05.2018 12:26
Генеральный спонсор первого регионального...