Жаңартылған KIA Cerato автокөлігінің отандық шығарылымы басталды

01.03.2017

KIA Cerato седаны «АЗИЯ АВТО» зауытының 2017 жылғы алғашқы премьерасы.

Өскемендегі конвейерден шыққан жаңартылған KIA Cerato қазақстандық тұтынушыға ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жол тартпақ, деп хабарлайды 16news.kz сайты.

Автокөліктің басқарылуы мен қауіпсіздік деңгейі жақсартылды, жабдықталуы кеңейтілді, дизайны ерекшеленді.

«Көктемнің алғашқы күні «АЗИЯ АВТО» маусымды жағымды жаңалықпен бастап отыр. Жаңа үлгідегі KIA Cerato біздің клиенттерді таң қалдыратынына сенімдіміз. Әрине, бағасы да қолжетімді », — дейді зауыт Президенті Ерік Сағымбаев.  

Айтпақшы, бағасы демекші, автокөліктің құны 5 000 000 теңге көлемінде. Бүгінге дейін, қазақстандықтар Өскеменде құрастырылған KIA Cerato-ға жоғары баға беріп үлгерді. Темір тұлпардың осы үлгісін отандық нарықта он мыңнан астам  адам тізгіндеді.

Айта кету керек, аталмыш үлгі елімізде ықшамды седан көліктері қатарындағы танымал үштікке еніп отыр. Ал «АЗИЯ АВТО» зауыты Корей елі аумағынан тыс KIA бестселлерінің рестайлинг нұсқасы өндірісін жолға қойған төртінші зауыт болып табылады. 

Похожее