Қазақстандықтар соңғы үш айда көлік сатып алуға $183 млн жұмсаған

17.04.2017

Ел нарығындағы ең ірі дилерлік мәртебені сақтап тұрған БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО.

Көшті бастап тұрған Toyota, ал оны өкшелеп келе жатқан Lada брендтері көпшіліктің көңілінен шығып, рейтінгтің  үздіктері деп танылды. Бұл туралы 16news.kz сайты хабарлайды.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» компаниясының мәліметінше, 2017 жылдың 3 айында ресми дилерлер 7 569 көлік сатқан.

Маркалар бойынша ең көп сұранысқа ие жеңіл көлік үлгілерінің ішінде седан Toyota: республика аумағында 3 ай ішінде аталған жапон маркасының 1506 данасы сатылған.  Ал отандық зауыттан шыққан Lada модельдерінің 1271 данасы тұтынушыға жөнелді. Үшінші орындағы Renault көлігінің 670-і сатылды. Сонымен қатар үздік бестікте Ravon (505) мен Hyundai (496) бар.  Сондай-ақ, табысты ондықтағы маркалардың қатарын KIA (446), GAZ (438), Volkswagen (315), Nissan (291) және UAZ (283) толтырып отыр.

Сарапшылар өз кезегінде қазақстандық авторетейлдегі жағымды белсенділіктің байқалғанын атап өтуде.

«2016 жылдың дилерлік сатылымдарының көрсеткіштерімен салыстырғанда, бұл өте аз, әрине. Алайда, біз отандық авторетейлдегі ахуалдың сауығып келе жатқанын байқаймыз. Ұлттық валютаның тұрақталуы бұған бірден-бір себеп», — деп атап өтті «ҚазАвтоӨнеркәсіп» басқарма басшысы Олег Алферов.

Ел нарығындағы ең ірі дилерлік мәртебені сақтап тұрған БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО. Есептік кезеңдегі жаңа автокөліктердің барлық сатылымдарының 28,8 пайызы аталмыш топтың ұсыныстарына тоқталған екен. Нарықтың 15,6 пайызы КМК Astana Motors-тың еншісінде.   

Айта кету керек, жаңа көлік сатып алу бойынша қаңтар-наурыз айларында Алматы (2 034  көлік) көш басына шықты. Екінші орындағы Астана қаласында 1 392 көлік сатылса, Атырау , Қостанай, Шымкент, Ақтау, Өскемен және Ақтөбе қалаларында су жаңа темір тұлпарды тізгіндегендер көбеймесе, азайған емес.  

Фото:Фокус

Похожее