Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу

03.08.2018

Өндірістік және тұтыну қалдықтар бойынша іріктемелі және жоспардан тыс тексерулер кезінде 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша 2 603,714 мын теңгеге 25 айыппұл салынған. Жалпы сомасы 60 191,766 мын тенге 6 талап-арыз ұсынылған.

Қалдықтармен жұмыс iстеу ол қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 42-тарауымен реттеледі.

Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары қауіпсіз және қауіпті болып бөлінеді.

Құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар қауіпты қалдықтар болып есептеледі. Ал қауіпті қасиеті жоқ қалдықтар қауіпты емес қалдықтар болып есептеледі.

Қалдықтарды орналастыру және жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен анықталады және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы және өзге де арнайы уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Қалдықтарды уақытша сақтау орындары өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюға арналған.

Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Жеке және заңды тұлғалармен:

– І және ІІ санатты кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тәртіпте қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді.

– шаруашылық қызмет барысында қауіпті қалдықтар шығатын жағдайда қауіпті қалдықтар төлқұжаты әзірленіп бекітеді.

- ластану учаскелерінің тізілімін әзірлейді.

- қалдықтарды түгендеу жөніндегі жыл сайынғы  есеп тапсырады.

- қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастр ісін ұсынады.

- ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізеді.

-  қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде  оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлейді. Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобаларын қалдықтарды орналастыратын меншікті объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.

Қалдықтармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:

–қалалық және басқа қоныстарда, орманды саябақтарда, курорттық, емдеу-сауықтыру аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, сондай-ақ су қорғау аймақтары су жинау алаңдарында және жер асты су объектілерінің, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын орындарда қалдықтарды көмуге;

– пайдалы қазбалар жатқан және тау-кен жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарда, егер пайдалы қазбалар жатқан жерлердің ластануы мен тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпі төнген жағдайда қалдықтарды көмуге;

– ҚР–да өнімдерді импорттауды пайдалану нәтижесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды жою залалсыздандыру технологиясы болмауы;

– импорт және өнімдерді пайдалану нәтижесінде түзілетін қалдықтар, құрамында жойылуы қиын тұрақты органикалық ластағыш заттары бар, жойылуы қиын тұрақты органикалық ластағыштар туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген.

Табиғат пайдаланушылар табиғатты қорғау заңнамасында жол берген негізгі бұзушылықтар келесідегідей болып табылатындар: экологиялық заңнамаға сәйкес емес қалдықтарды орналастыру, қалдықтар бойынша түгендеу есептерін ұсынбау, сондай-ақ қауіпті қалдықтар бойынша есеп жүргізбеу, ластанған учаскелері бойынша тізілімдік паспорттарын тексеріп ШҚО Экология Департаментінде тіркемеу, қауіпті қалдықтардың паспорттарының болмауы, өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша бақылау жүргізбеу, қалдықтарды орналастыру жобасының нормативтерінің болмауы және жойылуы қиын органикалық ластауышы бар қалдықтармен жұмыс кезінде экологиялық заңнаманың талаптарын сақтамау.

 

 

ШҚО бойынша мемлекеттік

экологиялық инспекторы –

ШҚО бойынша экология

Департаментінің мемлекеттік

бақылау бөлімінің бас маманы, Р.А. Мусаева

Похожее

Обращение с отходами производства и потребления.
Обращение с отходами производства и потребления.

03.08.2018 09:03

За нарушения, выявленные по результатам...

Синоптики сообщили о том, какая погода будет в Казахстане 15 июля
Синоптики сообщили о том, какая погода будет в Казахстане 15 июля

15.07.2018 10:21

На большей части страны пройдут дожди с грозами,...

Атомное озеро на территории бывшего Семипалатинского полигона исследуют японские ученые
Атомное озеро на территории бывшего Семипалатинского полигона исследуют японские ученые

11.04.2018 09:55

Искусственный водоем, получивший название Атомное...

Жители Усть-Каменогорска могут обменять макулатуру на саженцы деревьев ценных пород
Жители Усть-Каменогорска могут обменять макулатуру на саженцы деревьев ценных пород

03.04.2018 15:29

Жителям Усть-Каменогорска предлагается обменять...

Ученые исследовали 56% территории бывшего Семипалатинского испытательного полигона
Ученые исследовали 56% территории бывшего Семипалатинского испытательного полигона

16.01.2018 11:51

Комплексное экологическое обследование бывшего...

За качеством воздуха казахстанцы смогут следить через мобильное приложение
За качеством воздуха казахстанцы смогут следить через мобильное приложение

15.01.2018 12:45

РГП «Казгидромет» запустил мобильное приложение...