Үржар ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

09.08.2017

Республикалық дода өңірдің табиғаты көрікті орындарының бірі «Айгерім» демалыс базасында өтті.

3-6 тамыз аралығында ШҚО-да Абай, Үржар ауданының Құрметті азаматы Исагали Омаралиновты еске алуға арналған 1997-1999 жылғы жастар арасындағы дзюдо бойынша облыстық турнир өтті, деп хабарлайды 16news.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.  

Турнирге Астана, Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Семей қалалары мен Бородулиха, Абай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Аягөз аудандарынан келген  100-ге жуық бала қатысты.

Үржар ауданы, «Айгерім» демалыс орнында  өткен жарыста ұл балалар – 42-ден 73 келі салмақ аралығында, ал  қыздар – 44 пен 70 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан өнерлерін паш етті.

Жарыс ұйымдастырушылары Үржар ауданының спортшылары мен Алматы облысынан келген спортшылар асқан белсенділікпен көзге түскендігін айтып, жарыс барысында спортшылардың өресі байқалғандығын алға тартуда.

Нәтижесінде, Алматы облысынан келген К. Берликаш (+ 78), Өскемен қаласынан Н. Маратова (57 кг), бородулихалық Д. Копжасар ( 90 кг) І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жүлделі орынға келесі спортшылар ие болды: К. Берликаш (Алматы обл.), Ж. Болатбек (Зайсан қ.) – 78 кг; Н. Маратова (Өскемен қ.), Г. Бидақын (Зайсан қ.) – 57 кг; Д. Копжасар (Бородулиха ауданы), Н. Кайырбеков (Зайсан қ.), А.Хасенов (Семей қ.) – 90 кг.

Жарыс соңында облыстық турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлделі орынға ие болған спортшыларына грамота мен медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.  

Фото:today.kz

Похожее