Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитеті фестивалінің баспасөз

16.10.2018

2018 жылдың 25 қазан күні сағат 16.00де, Оқушылар шығармашылық сарайында Өскемен қаласы «Жас Ұлан»ББЖҰ РҚБ комитеті фестивалі өтеді

Ұйымдастырушылар: «ШҚО Өскемен қ. Білім беру бөлімі» ММ, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК.

Мақсаты: «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ мектеп комиитеттерін қолдау.

Шара тиімділігі:  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы жеті жыл бойы жұмысын табысты жүргізуде, басты мақсат - өскелең ұрпақтың өзін-өзі жетілдіруге және білімге құштарлығын патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Бүгінгі күні Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитеті «Оқушылар шығармашылық сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында белсенді қызмет атқаруы мемлекет Басшысы тапсырмасының сәтті іске асырылғанын дәлелдейді.

Жыл сайын жасұландықтармен РҚБ «Жас Ұлан» ұйымның 7 бағыты бойынша жұмыс атқарылады: сайлау штабы, конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты қабылдаулар, фестивальдар, акциялар, жобалар, сайыстар және Көшбасшылар мектебін өткізіледі.

        Фестиваль бағдарламасында келесі шаралар жоспарланған: Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ 2017-2018 оқу жылындағы төрағасының қызметтік міндеттерін Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ 2018-2019 оқу жылына сайланған төрағасына беру, Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ 2018-2019 оқу жылына жаңадан төрағасын таныстыру ант беру, қала мектептерінің ұланбасыларына бэйджиктер мен бағыттық парақтарды тарату.

        Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ мектеп комитеттерінің кураторлары, ұланбасылары, Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ мектеп комитеттерінің белсенді мүшелері  Фестивальға қатысушылары болып табылады.

 Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары.

Өткізілетін орны: Оқушылар шығармашлық сарайы, көрермендер залы (Кирова көшесі, 63)

Жоспарлаған қатысушылар саны – 250 адам.

Похожее