Алдын ала брондаудың арқасында туристік жолдамаларды 60 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады

20.02.2019

Алдын ала брондау деген не және 2019 жылы Қазақстан қай елдермен жаңа авиақатынастар орнатпақ?

Осыған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар 2019 жылы ұзын саны 120 күн демалатын болады, оның ішінде наурыз айында жарты ай шамасында.

Ауа райы жағдайларын ескере отырып, наурызда қазақстандықтардың демалатын ең жақсы жерлері қатарында: БАӘ, Тайланд, Мысыр, Үндістан, Шри Ланка, Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Иордания, Хайнань, Доминикана, Канар аралдары, Куба болуы мүмкін.

Наурызда қазақстандықтар 14 күн демалатынын, ал мамырға 10 демалыс күні берілетінін ескере отырып, өз демалысы туралы алдын ала қам жеген және алдын ала брондау қызметін пайдаланған жөн.

Бірақ, әдетте, алдын ала брондау кемінде үш аптадан 3-6 айға дейінгі мерзімді қамтиды. Сол себепті Сіздің сәуір-мамырдағы ыңғайлы демалысыңыз немесе жазғы отбасылық демалыс туралы бүгіннен ойлауыңызды ұсынамыз.

Мысалы, түрік, мысыр, тай және эмират бағыттарындағы турларды алдын ала брондаған кезде (3-6 ай аралығы «ерте» болып есептеледі) Сізге 30-50% дейінгі жеңілдіктерді ұсынады. 60%-ға дейін жеңілдік жасауға дайын жомарт қонақ үйлер де бар. Ол туралы «Туристік Қамқор» Корпоративті Қордың Баспасөз-қызметі хабарлайды.

Турларды алдын ала брондау деген жалпы не? Арзан турды сатып алу үшін міндетті түрде соңына дейін созу және уақытша жеңілдікпен тез арада сатылатын жолдамаларға жармасу міндетті емес екендігін қазақстандықтар әлі толық түсіне қойған жоқ.

Көптеген отандастар үшін шетелде демалу біршама салт және ұзағынан жоспарланатын, барлық ұсақ-түйек ескерілетін және ойластырылатын өміріндегі ең үлкен оқиға болып табылады. Алдымен брондау сенімділікті, жайлылықты бағалайтын отандастарымыз үшін ыңғайлы болып келеді. Шынында брондау жыл басында басталады және сәуір айына дейін жалғасады, ал кейбір жағдайларда одан да кеш. Осыған ұқсас қызмет «ыстық» маусымның басталғанға дейін алдын ала қонақ үйді таңдауға ғана емес, сонымен қатар, туроператордан қомақты жеңілдік алуға да мүмкіндік беретіні рас.

Айтпақшы, саяхат жасауды жақсы көретіндерге 2019 жылы Қазақстан бірқатар жаңа авиақатынастардың ашатынын қуана хабарлаймыз. Яғни, біздің отандастарымыз үшін демалу үшін жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар ашылмақшы. Жаңа авиақатынастар тікейлей болып табылады, басқа әуе көлігіне ауысусыз. Бұл ­- Прага, Ұлан-Батыр мен Токио. Бірінші екі бағытта «Скат» қызмет көрсететін болады. Айтпақшы, мамырда «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толықтырылатын болады. Ұлан-Батырға бірінші рейс 2-маусымда жасалатын болады, деп хаабарлайды ҚР Азаматтық Комитетіне сілтеме жасап «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қор Баспасөз-қызметі.

 Монғолияға билет сату ашық. Айтпақшы, Ұлан-Батыр бағыты, жылына 1 млн. шетел туристерінің үлкен легін ескере отырып, келешегі мол бағыттың бірі болып есептеледі.

Әлемнің ең суық астанасы – Ұлан-Батырдағы туристердің негізгі ермегі – Би мен халық ән, Опера және балет театрларына бару болып табылады. Әйгілі Шыңғысханның өмір сүрген және қызмет еткен жерлері, Монғолияның ұлы негізін қалаушысы туған Дулун-Болдог ауылы бойынша экскурсиялар аса танымал болып табылады.

Жергілікті туроператорлар шетел туристеріне Монғолия астанасынан алыс емес жерде орналасқан ұлттық парктерге ұйымдастырылған экскурсияларды ұсынады. Мұнда ұмытылмас жаяу серуендеуге ғана емес, планетаның тарихтан бұрынғы мекендеушілерін өз көзімен көруге болады. «Динозаврлар бейітінде» осы керемет жануарлардың сүйектері толық бойда ұсынылған.

Сондай-ақ, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге авиарейстерді қайта жандандырады. Осы қалаларға арналған тікелей рейстер Астанадан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Ереван мен Минералды суларға авиа рейстер ескерілген. Осы барлық бағыттар маусымдық болып табылады және отбасылық демалыс өткізу үшін қазақстандықтар үшін ерекше қызықты болмақ.

Өз кезегінде әзірбайжандық авиажелілер Баку-Алматы-Баку бағыты бойынша жаңа авиақатынастарды ашуға ниет білдіріп отыр. Бірінші рейс 2-сәурде жасалмақ. Әзірбайжандық тасымалдаушы Airbus A319 ыңғайлы ұшақтармен сейсенбі мен сенбі сайын аптасына екі рет Алматыға ұшуды жоспарлап отыр.

Ресейлік S7 авиакомпаниясы Новосібір-Астана бағытымен жаңа рейсті ашпақ, сондай-ақ Мәскеу-Семей жаңа бағыты да ашылмақ.

Сондай-ақ, Шанхайға авиақатынастарды ашу мәселесі пысықталуда, бірақ аталған мәселе келіссөздер деңгейінде.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...

343 тыс. казахстанцев отдохнули в 2018 году за рубежом
343 тыс. казахстанцев отдохнули в 2018 году за рубежом

25.01.2019 09:24

По линии Корпоративного Фонда (КФ) «Туристік...