Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі неде, нюанстары және пакет турлардан ерекшелігі? Осы сияқты жан-жақты жарнамаланған қызықтырғыш ұсыныстарға сенуге бола ма және құйтырқылық пен қауіпті қай жерден күту керек? Жеке «лакшери» турларды таңдай отырып, неден сақтану керек?

Соңғы уақытта саяхатшылармен әр түрлі экзотикалық елдерге травел-қауымдастықтар немесе саяхатшылар клубы деп аталатын әр түрлі авторлық саяхаттар әйгілі болып кетті. бұл нұсқа қазір белсенді түрде дамып келе жатыр және қауымдастықтар мен компаниялар өздерімен алыс шетелге саяхатқа шақыруда. Ол туралы «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Осындай саяхаттың жалғыз басымдығы – жаппай емес, жеке саяхат жасау. Сол себепті, бір қарағанда, осындай зиянсыз баруларға келісер алдында барлық жағын таразылауды, сосын барып авантюраларға толы, өзіне белгісіздікті және тұрақсыздықты жасыратын күмәнді саяхатқа келісуге шешім қабылдауды ұсынамыз. Мұндай ақылсыздыққа келісер алдында Сіз есіңізде сақтауға тиіс ең маңызды нәрсе – бұндай бизнестің заңсыздығы. Дәл солай. Оны қалай атасаңыз да, ол бизнес. Гид сізге қызмет көрсетеді, ал Сіз баратын елде, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда авторлық турлар заңсыз болып саналады.

Сонымен қатар, сізді күтіп тұрған екінші басты қауіп – интернет алаяқтар. Ұмытылмас авторлық турларды ұсынатын сүйкімді және тартымды бойжеткен немесе сүйікті және тартымды келбетті жас жігіт бейнесімен Сізді әп-сәтте ертегі әлеміне саяхаттың керемет бағдарламасын ұсынып, Сіздің қалың қалтаңызды қағып кетуге дайын тұрған алаяқтар күтіп тұруы мүмкін. Кейбір алаяқтық жағдайлар туралы «Туристік-Қамқор» алдында айтқан болатын.

Алдымен көзге түсетіні - саяхаттың сондай түрінің қол жетімділігі, өзге елде бірнеше рет болған адаммен саяхаттайтыныңыз. Ең күшті нұсқа секілді. Бірақ ондай саяхат өзімен жасырын қауіптерді және зияндарды жасыруы әбден мүмкін. Мысалы, авторлық турлар – бұл соқыр тәуекелге салыну деген сөз, нақты және пысықталған маршруттар жоқ, ұсынып отырған тарап құқықсыз шеңберде жұмыс істейді, егер бөтен елде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Сізге растайтын құжаттар мен фискалды чектерді ұсынбайды, одан ешкім сақталмаған екені мәлім.

Егер аяқасты қонақ үйдегі Сіздің брондар алдырылып тасталса және ұшақ немесе кез келген жер көлігінің билеті күшін жойса, бұндай жағдайда саяхаттанушының мәселелері авторлық тур тарапынан қалай шешіледі? Ал егер сақтандыру жағдайы туындаса, Сізге медициналық шығындарды кім төлейді немесе өтейді. Әрине мұндай ауыр жүк тек Сіздің мойныңызға артылады.  

Тағы бір ең ыңғайсыз нәрсе – осындай турлардың авторлары әрқашан саяхаттың ең арзанын іздейді, сол себепті ұшу күндері үнемі ауысып тұруы мүмкін, ол сондай ыңғайсыз екеніне келісетін шығарсыз. Демекші, кейбір қандастарымыз турға авиаұшу құнын қоспайды, оны баға динамикалығымен түсіндіреді. Сол себепті Сіздің тур, қорыта келгенде, алдында төмен бағамен ұсынылғанға қарағанда анағұрлым қымбат болып шығуы әбден мүмкін. Сол себепті алаяқтарға жем болып, босқа алданып қалып жүрмеңіз.  

Егер де қандай да бір себептермен Сіз жоспарланған саяхатқа ұшудан айнып қалсаңыз, ақшаны Сіздің орныңызға біреуді тапқанға дейін немесе өзіңіз біреуді тапқанша қайтармайды. Егер орныңызға біреуді таппасаңыз, ақшаңыз жанып кетеді дей беріңіз. Шынымен солай болады, өйткені мұндай «мерзімі өтейін деп тұрған» турларға аяқастынан келісетін адам өте аз, тек түңілген адамдар ғана тәуекелге баруы мүмкін, оның өзінде ондай адамдарды тез арада таба қою өте қиын.  

Тағы бір маңыздысы, осыған ұқсас жеке тур авторлары белгілі өмірлік тәжірибелеріне ғана сене алады, саяхат жасайтын елдегі ахуал күнде өзгеретінін ескермейді. Авторлар көптеген ерекше жағдайлар туралы беймәлім, сол себепті турларды ұсынып отырған елдерде көп уақыттан бері болмағанын ескерген абзал. Ол да қауіп төндіреді және қазіргі уақытта бару уақытында барлығын 100% ескеру – ол өтірік және өз-өзін алдау.

Айтпақшы, қазір авторлық турлармен өздерімен шақыратын, insta-турлар жасайтын көбіне көп блогерлер айналысатын болып кетті. Барлық авторлық турларда адамдар тек өз тәжірибесіне сүйенетінін, ешқандай тексерілген туристік фирмалар мен компаниялардың кәсібилігіне тең келмейтінін қайталап айтқымыз келеді.

Осыған ұқсас турларда құнға не кіреді, не кірмейтініне назар аударған жөн. Жиі көрсетілген баға ештемені дерлік жаппайды. Қандай қосымша шығындар бар екенін қарап, басқа компаниялармен бағаны салыстыру керек. Қауымдастық саяхаттарының тарихына, пікірлерге, жауаптарға, ұйымдастырушылармен байланыс қаншалықты орнатылғанына ерекше назар аударған жөн.

Бірақ, егер турпакетті тексерілген және нарықта ұсынылған туроператорлардан сатып алсаңыз, жоғарыда аталмыш мәселелер Сізді мазаламайтын болады. Әсіресе Қазақстан аумағында туристік жолдама алатын компанияның «Туристік Қамқор» корпоративтік қордың мүшесі екенін мұқият тексеріп алғаныңыз жөн. «Туристік Қамқорға» мүше емес турфирмалар өз қызметін заңсыз жүзеге асыратынын ұмытпаңыз, олар белгілі жағдайлар туындаған жағдайда шетелдегі демалыс уақытында Сіздің қауіпсіздігіңізге кепіл бере алмайды. Ондай жағдайда барлық мүмкін тәуекелдер Сіздің өзіңізге жүктелетін болады.

Турдың аталған түрінің тұрақсыздығының айқын дәлелі. Өткен жылы Астана тұрғыны инстраграмм арқылы Жапонияға осыған ұқсас авторлық тур қызметтерін пайдаланды. Дегенмен күн асты еліне тур оператордың өзі емес, осы елге алғаш рет барған үшінші тұлға – жас қыз серік болды. Жапонияңа келісімен тиісінше барлық тараптарда сан алуын проблема туындай бастады, трансферден бастап, төленбеген қонақ үйге дейін.

Сол себепті бүнігі күні «Туристік Қамқор» тізілімінде ТУРКОДТЫ беретін туроператорлар бар екенін естеріңізге саламыз, олармен fondkamkor.kz. сайтынан танысуға болады. Қалған компаниялар шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті Заңсыз жүзеге асырады, демалыс уақытында қазақстандықтардың қауіпсіздігін тәуекелге тігеді.

Ең бастысы, Сіз турагенттен ТУРКОДТЫ талап етіңіз.

ТУРКОД – ШЕТЕЛДЕГІ СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛЫС КЕПІЛІҢІЗ

ТУРКОД деген не? Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмекті күтеді.Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» корпоративтік қор (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630 мың ТУРКОД берді және олардың барлығы аман-есен демалып, елге оралды.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

343 тыс. казахстанцев отдохнули в 2018 году за рубежом
343 тыс. казахстанцев отдохнули в 2018 году за рубежом

25.01.2019 09:24

По линии Корпоративного Фонда (КФ) «Туристік...