Латын әліпбиіне өту: «Әлемдік кеңістікке бастар жол»

11.10.2017 17:55

Елімізде кең таралып талқыланып жатқан латын әліпбиіне өту турасында өз ойынш ШҚО лингвистикалық орталығының мүшесі Сәния Акласова, өз ойымен бөлісті.

Міне, бүгін елімізде ақ түйенің қарны жарылды! Еліміздегі көптен бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі - қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне мемлекет басшысы байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе, өзінің салиқалы шешімін айтты.Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды.Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәде­ни, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі ор­нын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген мемлекет басшысы қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды.Латынға көшу ісі үлкен дайындықты қажет етті. Көптеген түсіндіру шаралары атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті, өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді.

Бір қуантарлығы, биліктің халық талабымен санасып, алғашқы нұсқаны өзгерткені болды. Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған ең даулы мәселе – қазақтың дауысты  – ә, ө, ү төл дыбыстарының   қос әріпті болып келуі болатын. Жаңа нұсқада бұл талап толық шешімін тауып, енді олар бір әріппен, әріптің  үстіңгі оң жағына ноқат қойылып, апокрифпен белгіленеді. Сөйтіп,  халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі  жаңа әліпби жобасы дайын болды. Ел арасында  ерекше қолдау тапқан терең талдау мен қазақтың төл дыбыстарынбелгілеудегі ұтымды ұсыныстары жаңа жобада жақсы көрініс тапқанын көріп, қуана қолдап отырмыз.

 Ұсынылып отырған нұсқадағы  11 әріптің  9-ы  жаңа формада қабылданыпты. Бізді ол қатты қуантып отыр.

                Бүкіләлемді шарпыған жаһандану үдерісі ағылшын тілі мен латын графикасының көк­жие­гін бұрынғыдан бетер кеңейтіп жіберді. Өйткені бүгінгі заманауи технологиялар мен инновациялық идеялардың басым көпшілігінің ағылшын тілді әлемнен бастау алып отырғаны жасырын емес.Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы – бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі деп санаймыз, себебі қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшудеекеніне және бұл қадамның әлем қазақтарын біріктіретін маңызды факторекеніне  халықтың көзі жетті. Қоғамның  жаңа әліпбиді талқылауда көрсеткен белсенділігісоның тағы бір жарқын дәлелі деп санаймыз.
 

Фото:Казинформ

Похожее

Причину дефицита мест в казахстанских школах объяснил министр образования
Причину дефицита мест в казахстанских школах объяснил министр образования

18.10.2017 13:52

Министр образования и науки РК Ерлан Сагадиев на...

Нужно запретить бюрократию между акиматами и школами – Минобразования
Нужно запретить бюрократию между акиматами и школами – Минобразования

17.10.2017 15:53

В акиматах действует большое количество самых...

Количество образовательных грантов увеличат на следующий год в ВКО
Количество образовательных грантов увеличат на следующий год в ВКО

17.10.2017 13:04

400 образовательных грантов акима ВКО будет...

В НИШ Усть-Каменогорска выбрали президента школьного самоуправления
В НИШ Усть-Каменогорска выбрали президента школьного самоуправления

13.10.2017 09:21

Ознакомленные с кандидатами и их предвыборными...

ШҚО-да зиялы қауым өкілдері латын әліпбиінің жобаларына қатысты пікір білдіруде
ШҚО-да зиялы қауым өкілдері латын әліпбиінің жобаларына қатысты пікір білдіруде

11.10.2017 18:37

Жуықта ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасына...

В Усть-Каменогорске обсудили все «за» и «против» внедрения новых учебников
В Усть-Каменогорске обсудили все «за» и «против» внедрения новых учебников

07.10.2017 15:08

В ходе обсуждений было выяснено, что каждый учитель...

Комментарии