«Жігіт сұлтаны-2018» байқауы Көкпектіде өтеді.

10.08.2018

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына жастарды көбірек тарту үшін облыстық «Жігіт сұлтаны - 2018» сайысы 2018 жылғы 22-23 тамыз күндері Көкпекті ауылында өтеді.

Сайыстың мақсаты жастар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу, жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Сайдың тасындай өр жігіттер сайысына Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарынан 21-29 жас аралығындағы ер азаматтар қатысатын болады.

Сайыс «Ұлттық ойындар» және «Жігітке жеті өнер де аз» - шығармашылық бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бірнеше кезеңнен тұрады.

Жігіттің сұлтаны атануға үміткерлер тек  қана сырт келбеті мен сымбатына иек арта алмайды. Қазылар қатысушылардың өнерін бағалап, ақылын, тапқырлығын сынайды.

Өз білімі мен ақылына сүйенген  қатысушылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру арқылы  қосымша ұпай жинауына мүмкіндігі бар.

Сайыс бойынша сұрақтарыңыз болса, ШҚО жастар ресурстық орталығына хабарласыңыздар 8 (72 32) 610-942.

Өтінімдер 2018 жылғы 15 тамызға дейін қабылданады.

«Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі!»

Похожее