2018 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясын

24.10.2018

2018 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында Орал қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау республикалық оқыту курсын бастап кетті.

Оқыту семинарына қатысуға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру тобының 120 мүшесі тілек білдірген.

Курстың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла  Абдоллаұлы Оспанқұлов дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен өзектілігін айта келе, оқыту курсы жұмысына сәттілік тіледі . Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қоғамдың келісім комитетінің бас маманы Бисембаев Азамат Ирланович бұл жобаның мақсат-міндеттерін және АТТ мүшелеріне қойылатын талаптар туралы айтып өтті

Оқу бағдарламасы 40 академиялық сағатқа негізделген, теориялық, практикалық, және аттестаттау бөлімдерін қамти келгенде 5 күндік оқу мерзімі жоспарланып отыр.

Алдағы 5 күнде курс тыңдаушыларын тренинтерге қатысу, пікірталасу, топ алдынды сөз сөйлеу, тестілеуден өту күтуде.

 

Похожее