24.07.2017
Аталған археологиялық көрмеге Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандарынан жəне Ұлан ауданындағы Аблайкит бекініс-монастрінен табылған 3000-нан астам жəдігер көшірмелері қойылған. Сонымен қатар, көрмеге Қазақстанға танымал ғалымдар – Зейнолла Самашевтың, Әбдеш Төлебаевтың, Карл Байпақовтың облыста жасаған соңғы екі жылдағы еңбектерді ұсынылды. Бұл ғалымдардың барлығы Шығыс Қазақстанда үш жылға жоспарланған археологиялық бағдарлама аясында еңбек етуде. Екі жыл ішінде археологиялық бағдарламаны қаржыландыруға облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, «Этноауыл» кешенінде облыстың қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері елорда тұрғындарына былғарыдан, ағаштан, түрлі-түсті металлдардан жасалған ерекше туындыларды тарту етті. Туындылардың авторлары, елімізге танымал шеберлер – Боқбасарова Айман, Жұматай Айбын, Қожамжарова Гүлнар, Жукова Наталья және т.б. Шеберлер Астанаға қаласына өздері жасаған туындыларын ғана әкеліп қоймай, көрмеге келушілерге тоқыма тоқу, ағаштардан бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік сағаттарын өткізуде. Кешен аумағына қойылған фото-көрмесі келушілерді ерекше қызықтыруда. Фото-көрмеге Шығыс Қазақстан облысының тарихи жерлері, табиғаты сұлулығымен тамсандыратын елді-мекендері атап айтқанда, Мұзтау тауы, Рахман қайнарлары, Киин-Кириш, Сібе көлдері, Алакөл, «Жидебай бөрілі» кешені, Бұқтырма су қоймасының және т.б. үздік фотосуреттері қойылды.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облысының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының концерті өтуде. Облыстағы дәстүрлі ән орындаушылар, ұлттық аспаптар оркестрі, Абай атындағы және облыстық драма театрлардың әртістері үздік шығармаларды орындауда.
«Қазанат» атшабарында облыстың спортшылары ұлттық спорт түрлері бойынша көрсетілімдік қойылымдар қоюда. Астана төрінде көкпар, қазақша күрес, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар өнер көрсетуде. Олардың құрамында, аударыспақ бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпионы Ерзат Жапишев, Қазақша күрестен Қазақстан чемпиондары Ерзат Арғынов, Әділ Төкешев, Фархат Қайырбеков және Айбек Ағыбаев. Қыз қуу, Жамбы ату, Тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өте тартысты өтуде. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Астанаға ұлттық спорт түрлері бойынша арнайы дайындалған 30 спорт атын алып келді.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысының күндері Этноауылдағы көрмелермен шектеліп қалмауда. Күн сайын «Бәйтерек» монументінің алаңы мен Жастар саябағында Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен ойын-сауық іс-шаралары өтуде.
Шығыс Қазақстан облысының күндері «ЭКСПО-2017» кешеніндегі Амфитеатрда өтетін «Шырайлы Шығыстан-атағы асқақ Астанаға» атты гала-концертімен қорытындыланады. 25 шілде күні гала-концертке Қазақ ССР-нің Халық әртісі Роза Рымбаева, жастардың сүйікті орындаушысы Али Оқапов, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдары қатысады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, басталғалы бері 36 700-нан астам шығысқазақстандық тамашалаған. Ағымдағы жылғы 23 шілдедеге дейін облыста «ЭКСПО-2017» көрмесіне 89 700 билет сатылып алынған. Бұл жоспарланған 100 мың адамның 90 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Халықаралық көрмені облыстағы 26 000 бала, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 15 500 бала, 905 жетім бала, 3 750 дарында бала және 4 595 колледж студенттері тамашалайтын болады. Бұл үшін облыстық бюджеттен 419 млн. теңге қаражат бөліген болатын.
Похожее