27.11.2018
Өткізілетін уақыты: 28-29 қараша 2018 жыл.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18, «Тілеп-Қобыз сарайы» концерттік залы.
Уақыты: сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 аралығында (сағ: 13.00-14.00 түскі ас) өтеді.
Ұйымдастырушылар: «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі.
Курстың мазмұны: «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізуде.
Курстың бесінші кезеңі Астана қаласында 28-29 қарашада өтеді, барлығы 2 күн. Аталмыш іс-шарада Астана қаласының және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді.
Курсқа спикер ретінде шетелдік сарапшы Вершинин Михаил Валерьевич шақырылды.
Вершинин Михаил Валерьевич - әлеуметтік психолог, кері діни ағымдардан, культтер мен секталардан және радикалды ұйымдардан зардап шеккен тұлғаларға құқықтық және психологиялық тұрғыдан кеңес береді.
Тәжірибесінде культтер мен радикалды ұйымдардың ішінде 700 сағаттан астам зерттеу жүргізген, тікелей кеңес беруінің арқасында бірнеше ондаған адам культтерді тастап, қалыпты өмірге оралған.
Сонымен қатар, семинарда келесі спикерлердің бірі болып әлеуметтік желіде тиімді жұмыс жасаудың тренері Балгабаев Ринат Николаевич сөз сөйлейді.
Дәріс барысында семинарға қатысушылар интернет желісінде жұмыс жасаудың негізгі машықтарымен, негативті бейтараптандырудың үлгісімен танысады, сондай-ақ, SMM құралдарын тиімді пайдалануды, тиімділіктің сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалауды үйренеді, сонымен қатар, қазақстандық тәжірибедегі SMM-ді пайдаланудың нақты үлгісін зерттейді.
Семинарды Президент әкімшілігінің сектор меңгерушісі Шойкин Галым Нурмагамбетович «Қазақстан Республикасының Конфессияаралық саясаты: сын-тегеуіріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбындағы сөз сөйлеуімен қорытындылайды.
Оқу бағдарламасын толық меңгерген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері келешекте халықпен нәтижелі және сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады және экстремистік ағымдарға қарсы тұра алатын АТТ мәртебесін айтарлықтай көтере алады.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен куәліктер табысталады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +77773383691 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru
Похожее