24.09.2019
2008 жылы эстониялықтар бастаған науқанға биыл Қазақстанды қоса алғанда, шамамен 160 ел қатысуда. Сенбінің таңы атысымен қазақстандық қалалар көшелеріне экологиялық жағдайға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамдар, сондай-ақ ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері шықты.
Мысалы, Алматыда «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясының 100-ден астам қызметкерлері мен отбасы мүшелері дүниежүзілік науқанға қатысып, Бутаковка шатқалының аумағын қоқыстан тазалады. Тұрмыстық қалдықтар, құрылыс және басқа да қоқыстар қаптарға жиналып, утилизацияға тасып шығарылды, ал пластик бөтелкелер мен шыны ыдыстар қайта өңдеуге тапсырылды. Нәтижесінде, компания еріктілері Бутаковка шатқалы аумағында бірнеше сағат ішінде қоқыс жинап, 30 Тянь-Шань шыршасын отырғызды.
«Бутаковка шатқалы Алматы маңындағы адамдар ең жиі баратын табиғи объектілердің бірі болып табылады және бірегей таулы аймақты таза ұстау – бұл әрбір қала тұрғынының міндеті. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясы өндірісте де, зауыттан тыс жерде де қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөледі. Осындай әрбір кішкентай қадам біздің қоқыстан таза ел болу деген мақсатымызға біртабан жақын етеді», - атап өтті Станислав Боровицкий, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басқарушысы.
Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықтың барынша назарын қоршаған ортаны қалдықтармен ластау мәселесіне, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтына, дербес экологиялық ізді азайтуға және тұрақты дамуға аудару.
Биыл науқан 2019 жылдың 20 шілдесінде Қоянды су қоймасында басталған #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық қозғалысы аясында өткізілді.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (ФМҚ): ФМИ-дің Қазақстандағы қосылма компаниясы, оның ел аумағында қызмет ету тарихы 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан басталған. ФМҚ-ның Алматы облысында орналасқан заманауи фабрикасы бар. Бүгінгі таңда компания Қазақстан аумағында сатылатын ғана емес, Орталық Азияның өзге де елдеріне экспортқа шығарылатын танымал халықаралық брендтердің кең сұрыпталымын өндіреді, сонымен қатар, Қазақстанда IQOS темекіні қыздыру жүйесін іске асырумен айналысады.
«Филип Моррис Интернэшнл Инк.» (ФМИ): әлемдегі ең танымал 15 халықаралық темекі брендінің алтауына иелік ететін жетекші халықаралық темекі компаниясы. ФМИ өнімдері әлемнің 180-нен астам елінде сатылуда. Темекі өнімдерін өндіріп, сатумен қатар, ФМИ ықтимал тәуекелі төмендетілген өнімдерді (ТТӨ) дайындау және нарыққа шығару жұмыстарымен де айналысуда. Тәуекелі төмендетілген өнімдер (бұдан əрі - ТТӨ) - бұл ФМИ компаниясы компаниясы темекі шегуді жалғастыру кезінде денсаулыққа зиян келтіру қаупімен салыстырғанда, осы өнім түрлеріне ауысқан темекі шегушілердің денсаулығына зиян келтіру қаупіне ие немесе ықтимал зиян келтіру қаупіне ие болатын өнімді белгілеу үшін пайдаланатын термин. Өнімдерді дамыту саласындағы кең мүмкіндіктер, соңғы технологиялармен жабдықталған зауыттардың бар болуы және темекі өнеркәсібіндегі ең озық ғылыми-зерттеу базасының арқасында ФМИ кәмелетке толған тұтынушылар таңдауының кең аясына және заңнаманың қатаң талаптарына сәйкес келетін ТТӨ портфолиосын ұсынуға тырысады. Компания туралы толығырақ ақпаратты www.pmi.com ресми сайтынан білуге болады.
Похожее