07.02.2019
«Оңтайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, сонымен бірге жеке бас дамуына кепілдік береді. Біздің мұқият зерттеуіміз «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының өз қызметкерлері үшін мінсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететіндігін, сондай-ақ қызметкерлер құрамын басқару саласында бірқатар шығармашылық бастамаларды ұсынатынын көрсетті. Жеңілдіктер мен өтемақылар бағдарламасы, жұмыс ортасы, қызметкерлердің тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар және олардың компанияның корпоративтік мәдениет шеңберіне табиғи үйлесуі сүйсіндіреді», - дейді Дэнис Уттер, Top Employers Институтының Ғаламдық бизнесті дамыту бойынша Директоры.
Штаб-пәтері Нидерландтағы Амстердам қаласында орналасқан Top Employers Институты өзінің қызметкерлер құрамын басқару саласындағы сертификаттау бойынша қызметін және компаниялардың өз қызметкерлері үшін жасайтын еңбек жағдайларын бағалауды 1991 жылдан бастап іске асыруда. Институт компаниялардың терең зерттеуін келесі өлшемдер бойынша жүргізеді:
Зерттеудің бірнеше кезеңінен өткеннен кейін, компания тәуелсіз аудиторлық тексерістің жүргізілуімен сыналады. Сертификаттаудың ерекше стандарттары мен мұқият тексеру Top Employers сыйлығын еңбек жағдайларының ең жоғары стандарттарымен үздік жұмыс берушілердің тек ең үздіктері алатындығына кепіл болады.
«Біз Еуропа және Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші мәртебеміздің расталғандығын және қатарынан төртінші Top Employer сертификатын алғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің жұмыскерлеріміздің жұмысқа қуана келетіндігі, табысқа жететіндігі және өздігінен жетілуге ұмтылғандығы – бұл компания мен қызметкерлердің бірлескен жемісті еңбегінің көрсеткіші», - деп әсерлерімен бөліседі Алтынай Тезекова, ФМҚ қызметкерлер құрамын басқару бойынша Директоры. «Компанияның басты құндылығы біздің қызметкерлер екендігі сөзсіз. Біз жұмыс және өмір үшін сапалы жағдайларды құруды, қызметкерлердің және олардың отбасыларының нақты әлеуметтік қиыншылықтарын шешуді көздейміз. Жұмыс жағдайларының кәсіби өсу мен дамуға мүмкіндік беретіні, сонымен қатар әр қызметкердің пікірі құрметтеліп, есепке
алынатындығы біз үшін маңызды. Біздің компанияда сіңірген еңбекті мойындау мен қол жеткізілген нәтижелер үшін сыйақы берудің көптеген түрлі бағдарламалары қолданылады. Біз компанияның жаңа миссиясын іске асыру жолында тиімді трансформация үшін өз қызметкерлеріміздің жеке бас өмірлері мен жұмыс арасындағы теңгерімді сақтай отыра мансаптарында табысты болуға ұмтылыстарына мүмкіндік тудыру үшін барлық жағдай жасаймыз».
Дарынды қызметкерлерді тартып және сақтап қалуға ұмтыла отыра, ФМҚ компанияда оқыту және жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсынады. Өз қызметкерлерінің білімі мен дағдыларына инвестиция жасай отырып, компания өз болашағына инвестиция жасайды. ФМҚ-ның корпоративтік мәдениетінің маңызды бір ерекшелігі — үнемі жақсартуларды іздестіре, ағымдағы үдерістерді жетілдіріп тұру. Бұл қағидат қызметкерлерді оқыту үдерісіне де қолданылады.
Әр қызметкер үшін жеке даму жоспары әзірленеді, және оның шеңберінде кейінгі кәсіби және жеке бас өсуіне қажетті түйінді құзыреттер анықталады. Компания ішінде лауазым ауыстырулар, түрлі тренингтер, семинарлар, жаңа қызметкерлерге арналған бейімделу бағдарламасы, жоғары оқу орындарының түлектері үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Сондай-ақ, компания қызметкерлерге әлеуетін аша тұра және кейінгі мансабының дамуына себептесе отыра, «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы бар басқа елдерде іскерлік тәжірибені алуға мүмкіндік береді. Соңғы екі жылда, Қазақстанның 34 жұмыскері халықаралық тағайындамаларға ие болды.
Компания басшылығы тек үздік еңбек жағдайларын жасап ғана қоймай, сонымен қатар халықаралық еңбек нарығында сенімді бәсекелесе алатын біліктілігі жоғары қазақстандық мамандарды тәрбиелеуге ұмтылуда. ФМҚ өз кадрларын дамытудағы инвестициялауды жалғастыруда және 1993 жылдан бастап өз қызметкерлерін кәсіби дамытуға 16 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген болатын.
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (ФМҚ): ФМИ-дің Қазақстандағы еншілес компаниясы, оның ел аумағында қызмет ету тарихы 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан басталған. ФМҚ-ның Алматы облысында орналасқан заманауи фабрикасы бар. Бүгінгі таңда компания Қазақстан аумағында сатылып қана қоймай, Орталық Азияның өзге де елдеріне экспортқа шығарылатын танымал халықаралық брендтердің кең сұрыпталымын өндіреді. 2016 жылдың желтоқсанында ФМҚ Қазақстанда тұңғыш рет IQOS инновационды темекі қыздыру жүйесін ұсынды.
Похожее