КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

21.11.2018

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының IV кезеңі Көкшетау қаласында бастау алды.

Аталмыш іс-шарада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді. Оқыту курсының ашылу салтанаты «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ғимаратының акт залында өтіп, қатысушыларға сәттілік тіленді.

Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған. Бағдарламаның негізгі жетістігі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталғандығында. 

​Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады.

Қатысушыларға тарих ғылымдарының докторы З.Сақтағанова, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Раздыкова, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Р.Чингужанов, Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері М.Букашова, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министірлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» (ҒЗТО) мамандары Г.Новикова, А.Антипин, орыс Православиелік шіркеуінің протоиерейі В.Анферов, «Intllekt Inkubator» қоғамдық қорының төрағасы, блоггер  Н.Джанаев дәріс береді.

Похожее