Көкшетау қаласында Республикалық оқыту курсының бірінші күні өтті

21.11.2018

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының ІV кезеңі Көкшетау қаласында бастау алды.

Бұл курсқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының 130 ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері қатысуға тілек білдірген.

Семинардың бірінші күні қатысушыларға «Қазақстандағы Христиан дінінің православтық бағытының негіздері, спецификасы мен қоғамдағы мәдени және тарихи рөлі» тақырыбында Көкшетау қаласының «Приход Архистратига Михаила» шіркеуінің иерейі В.Анферов  Христиан дінінің Қазақстандағы дәстүрлі бағытынан мағлұмат берсе, Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері М.Букашова «Ораторлық шеберлік. Комуникациялық риторика. Халық алдында сөз сөйлеу дағдылары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшелеріне сөйлеу өнерінің әдебі мен шеберлігін көрсетіп, бағыт бағдар берді. Семинардың алғашқы күні болсада қатысушылар риза болып, өздерінің ыстық ылтипатын көрсетті.

Похожее