Полицейлердің кезектен тыс аттестациясы өткізіледі

09.01.2019

Жаңғырту шеңберінде 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында полицейлердің кезектен тыс аттестациясы өткізіледі. Аттестацияны полицияның барлық қызметкерлері, оның ішінде 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер де тапсыратын болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов мәлімдеді.

«Аттестацияда дене шынықтыру даярлығы және қарудан ату нормативтері тапсырылады, заңнаманы білу және логикалық ойлау білімдері бойынша компьютерлік тестілеуден, сондай-ақ әңгімелесу сынақтарынан өтеді», - деді ол.

Аттестациядан саптық бөліністердің 100% қызметкері өтетін болады (жол-патрульдік полиция, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, айдауылдау қызметтері). Қалған қызметтердің 20 жылдан астам қызмет өтілдері бар қызметкерлері дене шынықтыру даярлығынан нормативтер тапсырудан босатылады.

Ал қалған барлық қызметкерлер аттестациядан жалпы негізде өтеді.

Похожее