Сотталған әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша

09.11.2019

         Сотталғандардың құқықтарын қорғау мен оларға бас бостандығынан айыру орындарында сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі Жарма аудандық прокуратурасының ерекше назарында.  

         Аудан прокуратурасы сотталған әйелдерді кешенді медициналық тексерумен қамту, оларға лайықты көмек көрсету мақсатында орталық аурухана және                   ОВ-156/21 түзеу мекемесі әкімшілігімен үшжақты меморандум жасады.

Әйелдер колониясының елді мекендерден қашық орналасуы себепті, мұнда арнайы мамандандырылған дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Мекемедегі медициналық-санитарлық бөлімде тек терапевт пен фельдшер қызмет атқарады.

Жасалған үшжақты меморандум аясында аудандық аурухана мамандары түзеу мекемелеріне кешенді тексеру және қабылдау жүргізу үшін жартыжылдықта бір рет баратын болды. Осындай қабылдаудың бірі 24 қазанда ұйымдастырылып,                    Жарма аудандық ауруханасының дәрігерлерімен 60-тан астам сотталған әйелдер қабылданып, әрқайсысына сәйкес кеңестер берілді. Жекелеген тұлғаларға неғұрлым кеңейтілген тексеру, әрі қарай ем қабылдау тағайындалған.

Сонымен қатар аталған күні аудандық прокуратураның көмегімен әйелдер колониясының кітапхана қоры толықтырылып, әртүрлі жанрдағы 180-нен астам кітап салтанатты түрде мекеме басшысына табысталды.

Бұдан бөлек, прокуратура бастамасымен телефон арқылы сөйлесу кезеңділігі аптасына бір реттен екі ретке дейін арттырылды және сөйлесу уақыты көбейтілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Похожее