07.11.2018
Аталмыш іс-шараға Алматы, Шымкент қаласының және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді. Оқыту курсының ашылу салтанатына облыстық дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы сөз алып, қатысушылардың оқуына сәттілік тіледі.
Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған. Бағдарламаның негізгі жетістігі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады.
Қатысушыларға РАНТ мүшесі, дінтану магистрі Абуов Тұрар Түгелұлы, «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Сабдин Асқар Калимжанұлы, Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері Букашова Марина Тюлюгазовна, Философия ғылымдарының докторы, «Қазақстан дінтанушыларының конгресі» ҚБ төрағасы Сатершинов Болатбек Меңлібайұлы, «Intllekt Inkubator» қоғамдық қорының төрағасы, блоггер Джанаев Нұрлан Алламжарович, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы дәріс береді.
Похожее