Жаңа бастама- жаңа мүмкіндік

11.11.2019

"Nur Otan" партиясының «Партиялық кадрлық резервті» қалыптастыру бойынша пилоттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында партиялық кадрлық резервіне іріктеудің үгіт-насихат науқаны шеңберінде үміткерлер арасында ашық дебат өтті.

Өзекті ойлармен, өткір пікірлер ортаға салынған сайысқа партиялық кадрлық резервке атын ұсынған төрт үміткер қатысты. Жалпы пікір- сайыс үш кезеңнен тұрды.   Бірінші кезеңінде  қатысушы әр үміткер өзінің жобаға қатысу мақсатын, сонымен қатар өз бағдарламасын қысқаша таныстырды.  Екінші бөлімде үміткерлер аудан көлеміндегі өзекті мәселелерге тоқталып, оның шешу жолдарын ұсынды. Соңғы кезең сұрақ жауап кезеңі бұл кезеңде үміткерле бір – біріне сұрақтар қою арқылы қарсыластарының ой пікірін біле алады. Бүгінгі пікр-сайысқа қатысқан үміткерлер жоғары белсенділік танытып берілген уақытты тиімді пайдаланып, өз ой пікірлерін көрермен қауымға барыншы нақты жеткізуге тырысты.

Пікір- сайыс соңында әр көрермен өзі қалаған үміткерге ұялы телефондағы Play Kahoot бағдарламасы арқылы дауыс берді.

Айта кетейік келесі Партиялық кадрлық резервке үміткерлер арасындағы ашық дебат 2019 жылы 13 қараша Шығыс Қазақстан облыс Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылында өтетін болады.

 

 

 

"Nur Otan" партиясы ШҚОФ баспасөз хатшысы Асхан Тәттімбек

Похожее