«Қазақстанның үздiк тауары»

14.02.2019

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.

Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттік қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурстарға қатыса алмайды.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2019 жылғы 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында электронды түрде өтінім қалдыруы тиіс. Конкурстарға қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне (конкурстардың сайтынан қарауға болады) сәйкес конкурс материалдары (есептері) өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада тапсырылуы тиіс.

Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады. Телефон бойынша кеңес: 8 (7172) 919-388.

 

Похожее