Өскеменде Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

22.01.2020

Кеше, 21 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ресми бастама берді. 

Бүгін өскемендіктер мерекелік іс-шаралар эстафетасын алғашқылардың бірі болып бастады. Қаланың орталық алаңында, ақын ескерткішінің жанында мындаған адам бірігіп Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Бұл жерде Абай Құнанбайұлы монументіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Акцияға студент жастар, қаланың волонтерлік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Похожее